ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешіті мен облыстық Зекет қорының ұйытқы болуымен Діни басқарма тарапынан қолға аланыған Республикалық қайырымдылық шарасына орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек сабырлық, өзімділік туралы уағыз айтып, тағдырға иман келтіру жайында әңгімеледі.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында тұратын 25 мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға үш қоларба, 6 сүйніш таяғы және қаржылай көмек берілді. Шара соңында мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі