Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті мәуліт іс- шарасы аталып өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы Бас имамының орынбасарлары, Мұсабек Ақтанберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамметжан Естеміров, Бас муфти кеңесшісі Бекайдар Әміре, Шымкент қаласы бойынша дін мен дәстүр бағыты бойынша Самат Анарбаев, айтулы имамдар Мамметов Әбдіқадір мен Садықов Кәмілжан қажы, Туркиялық қонақ Осман ұстаз, «Абдуррахман» мешітінің имамы Нәзірхан, Мастура қажы мешітінің имамы Мұхтар ағаларымыз және Еңбекші ауданының имамдары қатысты. Қаламыздың Бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтанберді қаламыздың бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, мәуліт жайлы жамағатқа әсерлі уағыз- насихат айтты. Бас муфти кеңесшісі Бекайдар Әміре ағамызда жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді. Ахметжан Керімбек ағамыз, Кәмілжан ұстазымыз және Осман ұстазымыз мәуліт жырын оқыды. Шара барысында дастархан жайылып «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Самат Анарбаев жиналған жамағатқа мәуліт жауында және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай отыра сұрақ-жауап сайысын ойнатып ,сыйлықтар таратты. Аталмыш іс- шараны ұйымдастырған Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын имам, «Исамиддин баба» мешітінің ұжымына және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі