Бүгін ҚМДБ ізгі қоғам бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Мәуліт айының құрметіне Шымкент қаласы «Ордабасы» мешітінде Мәуліт мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, «Әйел-қыздар» секторы, қалалық «Әжелер мектебі» мүшелері т.б. мешіт жамағаты қатысты.
Рухани кеште Мәуліт жыры оқылып, жиналған жамағатқа «Мұмтаз» халал дәмханасында дастархан жайылды. Кеш барысында қалалық «Әйел-қыздар» секторы Балжан Досжанова ұстаздың ерен еңбегін үшін қалалық «Әжелер мектебінің» жетекшісі Қалдыкүл қажы Бекжанова апайымыз отбасы атынан Ұмра қажылығының сертификатын табыстады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі