Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен “Сау жүрек” рухани терапиялық тренингі болып өтті. Бұл бас қосуға Алматы қаласы Әл-Медина мешітінің ұстазы Айнұр Шәймерденқызы арнайы келіп қыз-келіншектерімізге рухани насихатты білімімен бөлісті.
Кездесу барысында иман және оның түрлері (ақпаратты, анық және терең), ниет деген не?, амал ету үшін шынайы ниет қалай жасалады? деген тақырыптар кеңінен ашылды. Қатысушылар өз тараптарынан сұрақ-жауап алысып тарасты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі