
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Заманауи фиқһи мәселелер» атты танымдық семинарға қатысты.
Семинарды шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізді. Семинар барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы арнайы дәріс оқып, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.
Аталмыш семинарға мешіт имамдары мен әйел ұстаздары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жүздесу соңында арнайы келген ұстазға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












