Түркістан қаласы «Әйел-қыздар» секторының және «Жастар ісі» бөлімінің мұрындық болуымен қалалық «Ынтымақ» мешітінің молдасы Абдуқадиров Балтабай қажының ұйымдастыруымен 06.08.2017 жылы «Әйел-қыздар» секторына қарасты орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи», «Ынтымақ», «Ықылас», «Қосана», «Сахаба Біләл», «Мағзаман» мешіттерінің шәкірттері арасында Құранның «30-ншы парасы» және «Шамстан Нас сүрелеріне дейінгі», «Алла Тағаланың 99 көркем есімдері», «40 парыздан», «6 кәлимадан» жарыс болып өтті. Жарысқа бас төрелікті орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы, «Ықылас» мешітінің имамы Нұрлан қари Абдуллаұлы, «Ынтымақ» мешітінің молдасы Абдуқадиров Балтабай қажылар болды. Жарысқа жалпы саны 40 шәкірт қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарыстан оза шапқан шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілсе, жалпы қатысушы барлық шәкірттерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтар берілді. Жарыс барысында Балтабай қажы өзінің жылы лезібін арнап, қатысушы шәкірттерге сәттілік тілесе, Сүлеймен қари «Құранның шарапаты» тақырыбында уағыз айтты. Сөз соңында Түркістан өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлсінай ұстаз Темірқұлқызы барша ұйымдастырушыларға және шәкірттерге өз алғысын жеткізді. Кеш соңында барлық мешіт шәкірттері қарасөзден жыр төгіп, түрлі тақырыптарда монологтармен көріністер көрсетті. Кешті арнайы Түркістан қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы түсіріп, арнайы бағдарлама ретінде көрсетті.