IMG 154

IMG 154

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы тапсырмасына және ОҚО бойынша өкіл имам Ахметжан қажы Керімбектің тапсырмасына орай Түркістан қаласы «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлының ұйымдастыруымен 07.08.2017 жылы қала, ауылдық жерлердегі балаларды сүндеттеу мақсатында «Мұсылмандық – бұл міндет, Құтты болсын – бұл сүннет» атты балаларды сүндеттеу қайырымдылық шарасы болып өтті. Қайырымдылық іс-шарада орталық мешіттің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы уағыз айтып, қолдау білдірген барша жандарға өз алғысын жеткізді. Білікті хирургтар мен урологтар 42 баланы тегін медициналық тексеруден өткізіп, кеңестерін берсе, оның 33 баласы тегін сүндеттелді. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ойыншықтар таратылып, дастархан жайылды. Шараға қолдау білдіріп келген білікті хирургтарымызға Алланың нұры жаусын, сансыз сауаптан жазсын деп тілек білдіріп, Құран кітабы сыйлыққа берілді. Барша халық өз алғыстарын білдірді. Түркістан қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы түсіріп, арнайы бағдарлама ретінде көрсетті.

 

IMG 151

IMG 152

IMG 153

IMG 154

IMG 155

IMG 156

IMG 157

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38