IMG 173

IMG 173

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бастамасы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде имам- молдаларға «Өрлеу Груп» өзін- өзі және ораторлық өнерді дамыту орталығы директоры Ақын Алмас 3 сағаттық «ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕРІҢДІ ШЫҢДА» атты семинар өткізді. Семинарға Мақтарал ауданы бойынша қала- және ауыл имам- молдалары, найб имамдар мен ұстаз азаншылар қатысты. 3 сағаттық кездесу барысында діни қызметкердің халық алдындағы жүріс- тұрысы мен сөз сөйлеу манерасы, жамағатты жалықтымай уағыз- насихат жұмыстарын қалай жүргізу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, имам- молдалармен жеке- дара танысып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін де сынап көрді. Семинар соңында дін қызметкерлеріне сертификат табысталды. Бас имам Сыздықов Бекзат Оқапұлына ел бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге септік жасап, Мақтарал ауданы бойынша мешіт имамдарының ойын өрістетіп, парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға баулып, олардың ораторлық қабілеттерін оятуға белсенділік танытқаны үшін «Өрлеу Груп» ораторлық өнерді дамыту орталығы директоры Ақын Алмас Алғыс хатпен марапаттады. Бұл семинар- тренинг алдыңғы айларда жалғасын табатын болады.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 171

IMG 172

IMG 173

IMG 174

IMG 175

IMG 176

IMG 177

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38