Бүгін Шымкент қаласы орталық мешітінің мәжіліс залында Құрбан айт мерекесіне байланысты жиын болып өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имамдары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» ЖШС бас маманы Қазыбек Сарыбаев және аудан имамдары мен еріктілер қатысты.
Жиын барысында мал соятын қасапханалардың талапқа сай болуы, Qurban2024.Kz сайтының жұмысы, уағыз-насихат жұмысымен қатар, қала әкімдігімен бірлесіп биылғы жылы айрықша түрде 33 орында өтетін «Балаларға базарлық» шарасы және қаладағы үлкен «Наурыз» және «Арбат» алаңдарында өтетін «QURBAN AIT FEST» атты мерекелік һәм рухани шаралары жоспарылары пысықталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі