Шардара аудандық №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «Діни ағымдардың алдын алу», — атты тақырыпта кездесуге аудан имамы А. Данияров, ҰҚК — нің өкілі Н. Тәженов, Н. Араш, №15 өрт сөндіру бөлімнің бастығы азаматтық қорғау капитаны Қ. Сартпаев қатысты. Аудан имамы Ислам — қазақ халқының рухани қазынасы, салт — санасы, әдет — ғұрпы, дәстүрі, білімі, мәдениеті және тілі мен біте қайнасқан дәстүрлі дін. Қоғамымыздың басты мәселелерінің бірі еліміздегі түрлі дінді ұстанушылар арасында діни экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу болып табылады. Жастар мәселесі — қашан да қоғамның өткір тақырыптарының бірі. Ел мен ұлттың, мемлекеттің болашағы, асқақ мақсаттармен биік мұраттарға біртабан жақын жастар толқыны болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт — дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу — өмір талабы, қоғам қажеттілігі болып табылады.
«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.