2016 жылғы 10 ақпан күні Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы Жаушықұм мектеп – лицейінде кереғар діни ағымдардың алдын алу бағытында кездесу өткізілді. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әлібеков, аудан имамы А. Данияров, Жаушықұм ауыл молдасы имамы Б. Жүсіпұлы, Жаушықұм ауыл әкімі аппаратының бас маманы О. Ермекбаевтар кереғар діни ағымдар мен секталардың қауіп – қатері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан аумағында тиым салынған діни ағымдар туралы түсінік берді.
Сонымен қатар көпшілік арасына іріткі салатын кереғар діни ағымдар мен секталардың іс – әрекеттерінен мысалдар келтіре отырып, жастарды кереғар діни ағымдардан аулақ болуға шақырды. Дін үйренемін деген жастарға әрқашан да мешіттердің есігі ашық екенін, діни білімді мешіттер мен медреселерден алу керектігіне тоқталды. Сондай – ақ, қоғамымызда орын алып жатқан әралуан мәселелер, халқымыздың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.
«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.