Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде Айжарқын Түзелова ұстаздың бастамасымен «Ізгі аналар ізімен» жобасы бойынша кимешек тігу мастер классы өтті. Мастер класс әуелі кимешекке байланысты бейнероликтер көрсетіліп басталды.
Мастер классқа 30 әйел кісі қатысты. Бір күнде 13 кимешек тігіліп әжелердің 13-інің басына кимешек кигізілді. Кимешекті бірнеше әдістермен үйреткен мешіт ұстазы Түзелова Ақжарқын ұстаз кимешектің қасиетін, маңызын да айта отырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі