Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде «Адал ас – денсаулық кепілі» атты діни танымдық семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысы ерлер және қыздар бөлімінде өткізілді. Семинар барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып, шәкірттерге ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, шәкірттерге қасапшылықтың қыр-сыры мен мал союдың шариғаттағы талап-ережелері, шұжық өнімдірісі, тәтті өнімдерді өндіру ісі, түрлі қоспалар т.б. Айта кетсек, халал бағыты бойынша тәлімдік курстар оқу жылының соңында дейін жалғасып, бітіруші түлектерге арнайы куәлік беріледі. Кездесу аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай қалалық арнайы маман Қазыбек Сұлтанбекұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі