Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласындағы мешіттерде қызмет етіп келе жатқан имамдардың ата-аналарымен кездесіп, оларға айрықша алғыс білдірді.

«Имамдық – жауапкершілігі мол маңызды қызмет. Бұл – пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан ұлы міндет. Сіздердің де ұлдарыңыз халықты жақсылыққа шақырып, ізгі қоғам құруға үлес қосуда. Сіздер жақсы ұл тәрбиелесеңіздер, ұлдарыңыз қоғамды тәрбиелеуде белсенділік танытуда. Осы ретте баршаңызға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38