Биылғы жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп аталуына байланысты. Шымкент қаласы «Абдурахман» мешітінде бес бағыттарының бірі болып табылатын «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сәбиге азан шақырып ат қою рәсімі болып өтті. Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі