Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Шымкент қалалық өкілдігі мен қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының ұйытқы болуымен қажылық дәрістері ұйымдастырылды.
Аталмыш жобаға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов оң бағасын беріп, тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.
«Қажылық дәріс беруге «Қажылық дәрістері алты орындар жүргізілуде. Атап айтқан, Шымкент орталық мешіті, «Ордабасы», «Байғұт баба», «Әл Біләл», «Исамиддин баба», «Қождан ата» мешіттерін таңдалып алынды. Дәріс аптаның жұма күндері сағат 10:00 мен 12.00 арасында өткізіліп, барлық қажылыққа ниет еткн азаматтар мен бірге болашақта баруды ниет еткен жамағаттардың қатысуына болады», – деді қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы.
Айта кетсек, дәріс барысында жамағатқа түсінікті болуымен үшін көрнекілік құралдар қатарында «Қағба макеті» және «Ихрам киімі» т.б. заттармен түсіндірілді. Жалпы, қажылық дәрістері қала бойынша мешіттерде өткізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі