Қазақстан мұсымандары діни басқармасының республикалық аттестация бөлімі Шымкент орталық мешітінде бес күнге жоспарланған дін қызмсеткерлерін аттестация – сынақтан өткізу жұмыстарын бастады.
Сынақ тапсыру шарасына ҚМДБ бас мүфти кеңесшісі, комиссия жетекшісі Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, Аманқұлов Хасан Ташайұлы, Абдуалиев Бауыржан Ергешұлы, Маханбет Искандеровтар арнайы қатысты.
Мешіт имамдары бес күн бойы шариғат негіздері және ҚМДБ қабылдаған бірнеше концептуалдық құжаттар бойынша сынақ тапсырады.
Алғашқы кезең тестілеу жүйесі бойынша өтеді. Тест сұрақтары негізінен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша топтастырылды. Ал екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ өтіп жатыр. Бұл кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сараланады.
Айта кетсек, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының айтуынша Шымкент қаласында 91 мешіттің 265 дін қызметкері аттастациядан өтіп, сынақ тапсырады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі