Бүгін, Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтек ауданы облыстық Қан орталығы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне орай «Бауырыңа өмір сыйла» атты тегін қан тапсыру қайырымдылық акциясын өтті
Қан тапсыру шарасына қала, аудан, ауылдық мешіттердің имамдары мен жамағаттары болып, жалпы саны 256 адам қатысты.
«Қан тапсыру – Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда: «…Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» (Майда сүресі 32 аят) – деген» – деп ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өз қанынан өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық, бауырмалдық, мейірімділік білдіріп, сондай-ақ өзгеге үлгі боларлық іс жасап жатқан бауырларымызға ризашылығын білдірді.
Жалпы, бұл шара облыстың барлық қала, аудан, ауылдық мешіттерінің имамдары қатысты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі бойынша баспасөз қызметі