Қасиетті Шағбан айында Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың басшылығымен Жастар өкілі Н. Шәдекұлымен бірлесе отырып, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, ардагер ұстаз, әжелер алқасының төрайымы Төлешова Жамал Өтегенқызы, жастар ресурстық орталығының басшысы С. Айтенова, ақ әжелер фольклёрлік ансамбілінің мүшелері, аудандық кітапхана қызметкерлерімен қала көлеміндегі мектептердің педагог психологтары және Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен «Жалпы жəне жастар ісі» бөлімінің жанынан «Əйелдер – қыздар» секторы ашылғандығын, Шардара ауданы бойынша Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің ұстазы Мұқтарият Дәметхан «Әйелдер – қыздар» секторының төрайымы болып тағайындалғанын жеткізді. ҚМДБ – ның бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан діни жұмыстар, 2014-2018 жылдар аралығы дін мен дәстүр жылы деп жариялануы, осы бағытта «Дін мен дәстүр» атты кітап жарияланып, мұсылман қауымға таратылғанын, Бас мүфти тарапынан ел имамдарына төрт бағыт бойынша жұмыс атқару туралы тапсырма берілгені турасында тоқталып өтті. Ақ әжелер мен әйелдердің қазіргі таңдағы ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, жастар арасында имандылық тәрбиесін арттыруы үшін осындай игі шараларды қолға алу қажеттігін атап өтті. Жас қыз – келіншектерге бағыт – бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі іс – шаралар ұйымдастыру. Әйел – қыздардың діни сауатын ашу, салт – дәстүрді жаңғырту, жастарды жат ағымдардан қорғау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру болып табылады. Дөңгелек үстел соңында Шардара ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз, әжелер алқасының төрайымы Жамал Өтегенқызы «Әйелдер – қыздар» секторының төрайымы Мұқтарият Дәметханғаосынау абыройлы да жауапты жаңа қызметімен құттықтап, асыл дініміз үшін жасайтын жұмысына толағай табыстар тілеп, аналық ақ батасын берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.