IMG 991

IMG 991

ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігі тарапынан құрылған ЖАНТ мүшелері Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің найб имамы Бейсов Асхат және Шымкент қалалық ал-Муслим мешітінің имамы Ергешов Тәңірберген 2017 жыл 28 сәуір күні Сарыағаш аудан Келес өңіріне іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында Бейсов Асхат Қошқар ата ауыл әкімшілігі №77 С.Сейфуллин орта мектебі және №79 З.Рустемов орта мектептерінде болып жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің алдыны алу тақрыбында баяндама жасап соңынан оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды.
Ергешов Тәңірберген Ақтөбе ауыл әкімшілігі Көкбұлақ елді мекеніндегі Ғ.Муратбаев орта мектебінде және Л.Жолдасбеков орта мектептерінде болды. Кездесуде экстремизм мен терроризмнің алдын алу ынтымақ бірлік, тыныштық жайлы баяндама жасады. Жыйын соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанықты жауаптар алды.
Жума намазында Бейсов Асхат «Ешан баба» мешітінде, Ергешов Тәңірберген «Қыр» мешітінде «Береке бастауы бірлік пен бейбітшілік» тақрыбында уағыз жасады.

 

IMG 991

IMG 992

IMG 993

IMG 994

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38