Шардара қаласы Б. Соқпақбаев жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Иманды ұрпақ ел тірегі», – атты кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, қала әкімінің кеңесшісі Б. Тойтанов, аудан имамы А. Данияров, аудандық емхананың орынбасары Н. Молдаханов, ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дін танушы Н. Үсіпбек, ауыл билерімен мектептің ұстаздары қатысты. Сөз кезегінде аудан имам А. Данияров халықта «Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең», – деген сөз бар. Ұлттық тәрбиесі бар ұрпақ қана ұлттық мүдденің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұлтжанды тұлғаға айналады. Жас ұрпақ – ел қорғаны, ұлттың тірегі. Қазақ жастарының жалынды, намысты, отаншыл болуы үшін, олардың тарихи – діни санасын ояту – осы тұрғыдағы істердің жемісті болуына ықпал етеді.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ», – деген.
Шардара ауданы «Шардара» орталықмешітінің баспасөз қызметі.