24 сәуір айында Мақтарал ауданы, орталық «Нұғман» мешіті Жастар ісі бөлімі ауқымды қайырымдылық ісін қолға алды. Ауданымызда орналасқан мешіт жамағаттары және ерікті жас жамағаттардың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – Пайғамбар сүннеті» атты шара болып өтті. Жетісай қаласында орналасқан мүгедек жан Келдібекова О. апайға, зағип жан Жасұзақов И. ағамыздың отбасына және де тағы да басқа тұрмыстық жағдайы нашар деген отбасыларға азық- түлік таратылды. 15 мың теңгелік азық- түлік ішінде бірнеше заттар (атап айтқанда макарон өнімдері, сұйық май, құрғақ шәй, тіс пасталары, кір және иіс сабындар, кір жуғыш ұнтақ, тәтті тоқаш, тұз т.б) қамтылған. Қайырымдылық жасасаң- қайырын өзің көресің демекші, әрбір отбасыны аралап, тұрмыстық жағдайымен танысқан жастардың жүрегіне мейірімділік пен жұмсақтық ұялағандай.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі