Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйытқы болуымен «Пәтуа сағаты» атты көшпелі рухани діни семинары ұйымдастырылды. Рухани семинарға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты Исламқұл Иманқұлұлы және аудан бас имамдары қатысты. Семинар жұмысын Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахмановтың тапсырларын жеткізіп, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі мен Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған пәтуаларын алдымен өздеріміз түсініп, содан кейін, жамағатқа түсіндіру, насихаттау, жеткізу сынды мәселелер туралы нақты тапсыралар берді. Аудан орталықтарына ұйымдастырылған діни семинар барысында қалалық Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты Исламқұл Иманқұлұлы ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабына шолу жасап, дәріс оқыды. Айта кетсек, семинар жұмысы көшпелі түрде төрт аудандық орталық мешіттерде ұйымдастылып, мешіт имамдарына ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жарық көрген үш томдық «Пәтуалар жинағы» кітабы аясында ай сайын тұрақты семинар дәрістер өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі