Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі дін мен дәстүр бағытына арналған «Дін мен дәстүр тағылымы» атты көшпелі рухани діни семинары ұйымдастырылды. Рухани семинарға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, дінтанушы Самат Анарбаев және аудан бас имамдары қатысты. Семинар жұмысын Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бірқатар тапсырмалары мен жоспарларын жеткізіп, бүгінгі таңда дін мен дәстүр, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің маңызды екендігіне тоқталды. Семинар барысында жиналған имамдарға дін мен дәстүр бағытына жауапты Самат Анарбаев дәріс оқыды. Айта кетсек, семинар жұмысы төрт аудандық орталық мешіттерде ұйымдастылып, қатысушыларға ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының І-ІІ бөлімі жан-жақты түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі