Бүгін ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» мекемесінің қалалық бөлімі Шымкент орталық мешітінде «Зират және Зиярат ету мәдениеті» атты аймақтық имамдар форумы болып өтті.
Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, қалалық дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұсабек Ақтамберді, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, шаһар бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» қажылық компаниясының қалалық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдіркемұлы, қалалық әдеп кеңесінің жетекшісі Бекайдар қажы Әміре, Шымкент қалалық «Қамқор-Шарапат» мекемесінің өкілі Ербосын Орын және «Әйел-қыздар» сектерінің мүшелері мен мешіт имамдары, ұстаздары қатысты.
Форумды шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының жетекшілігімен жүргізіп отырды. Жалпы қала аумағында 36 мұсылман мазараты бар. Осы бағыттың жұмысын дамыту қажет екендігі айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берді.
Форум аясында Шымкент қалалық «Қамқор-Шарапат» мекемесінің өкілі Ербосын Орынның арнайы жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндама оқыды.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» мекемесінің талаптары мен ережелері ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі