Шымкент қаласы, Абай ауданының, Бас имамы Жәміш Бердалы Шымкент қаласындағы, №26 Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесу барысында «Отанды сүю иманнан», “Үлкенге құрмет ету», «Өз-өзіне қол жұмсау, үлкен күнә» – тақырыптарында әсерлі сұхбаттар болды. Шәкірттердің қойған сұрақтарына нақты жауап беріліп, мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ емтиханынан жақсы нәтиже көрсетіп, Жоғарғы оқу орындарына түсуіне сәттілік тілеп, ақ-батасын берді!
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі