Бүгін қасиетті Рамазан айында оқылған Құран Хатым дұғасын қала бойынша Қадір түні бір мезетте бағыштау шарасы ұйымдастырылды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған игі шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған зиялы қаум өкілдері мен  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов қатысып, жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады. 

Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты.

Мұнымен қатар, қасиетті Рамазан айында тарауық намазында Құран хатым еткен Омар қари Сәлімбеков, Алибек қари Жалиев, Абдуғаффор қари Тұрсынов қариларға алғыс айтып, ризалық білдіріп құрмет көрсетілді. 

Айта кетсек,  биылғы жылы 45 қала мешіттерінде тарауық намазында 87 қарилар Құран хатым түсіріп, оқыды. Қадір түні жасаған дұға қабыл болып, ел аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!   

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38