Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінде «Ақида һәм Ихсан тағылымы» атты шәкірттер арасында жарыс ұйымдастырылды.
Игі шараға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Өркен Сапарқұлов, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев ұстаздары қатысып, жоғары бағасын берді.
Жалпы, жарыс барысында ақида пәнінен «Бад-ул-амали» кітабы бойынша жүргізілді. Шәкірттердің дайындықтары жақсы, барлығы белсене қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен 3 шәкіртті жүлдеге лайық деп таптық:
1-орын: Темірлан 2-курс (50 мың теңге)
2-орын: Қасиет 4-курс (30 мың теңге)
3-орын: Нығмет 4-курс (20 мың теңге)
Және 1-курс студенті Сапарғалидың белсенділігін ерекше айта кеткіміз келеді (9 мың теңге, ақида туралы бір кітап) берілді.
Жарысқа қатысушыларды ынталандыру мақсатында қаржылай (бес мың теңгеден) сыйлықтар үлестірілді. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан барша ұстаздарға, медресе ұжымына алғысымызды білдіреміз!
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі