ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен Қажылық және Ұмра дәрістері ұйымдастырылды.
Аталмыш жобаға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов оң бағасын беріп, тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Қажылық дәріс беруге қалалық «Тауаф» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев, «Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы Бақтияр Байтелиевтер жүргізіп келеді.
Айта кетсек, дәріс барысында жамағатқа түсінікті болуымен үшін Қағба мекеттер және ихрам киімін байлау т.б. көрнекілік құралдары пайдаланды. Жалпы, қажылық дәрістері қала бойынша мешіттерде өткізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі