Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытына сәйкес, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Муаз ибн Жәбал» мешітінде көпшелі діни семинар өтті.

Діни семинарға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров,  Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және мешіт имамдары мен ЖАНТ мүшелері қатысты.  Діни семинар барысында мешіт имамдарының біліктілін көтеру және бүгінгі таңдағы діни өзекті тақырыптар туралы дәріс өткізілді. Әр семинардың өзіндік тақырыптары қойылады. Кезекті семинарды ЖАНТ мүшелері белгілі дінтанушы мамандар «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков мен «Таскен» мешітінің имамы Нұрғиса Мұсаевтар дәріс берді.

Келесі көшпелі діни дәрістің тақырыбы «Әулиелер мен олардың кереметі» жөнінде болмақ. Семинар барысында қатысушыларға  «Муаз ибн Жәбал» мешітінің ұжымы мерекелік дастархан жайып, алғыс күнімен құттықтауларын білдірді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38