Бүгін, Шымкент қаласы бас имамы орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров «Отырар» телеарнасына «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбы аясында сұхбат берді.
Аталмыш телеарнаның «Жаңа күн» бағдарламасында әр жұма сайын тікелей эфир арқылы «Дін мен дәстүр» имандылық иірімдері хабары жүргізіліп келеді.
Түсірілім барысында Ихсан ілімі, мешіт әдебі, ынтымақ, бірлік һәм татулық жайлы өзекті мәселелерге айтылды. Сондай-ақ, жуырда ғана жария етілген «Шымкент – арақ-шараптан ада шаһар» атты рухани бастамасы туралы көрермендерге түсіндіріп берді.
Айта кетсек, Шымкент орталық мешіті мен «Отырар» телеарнасына арасында екі жақты келісім бойынша «Дін мен дәстүр» имандылық рухани хабары жүгізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі