Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.
Ережеп айының келуне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Жалпы, шариғат қағидасы бойынша кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Яғни тұрақты қан тапсырып тұру – пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті болып саналады.
ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі