IMG 395

IMG 395

ОҚО Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Абай» мәдениет үйінде «Ардақты – Пайғамбарым!», – атты рухани мерекелік кеш өтті.
Рухани мерекелік кешті «Асыл мұра» өнер орталығының жүргізушісі Бекзат Сәкенұлы жүргізді. Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан қасиетті Құран Кәрім аяттарымен ашты.
Салтанатты мерекелік шараның тізгінін Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Шомпиев алып, көпшілікті қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, жиналған халыққа осынау діни іс-шараның баршамызға ортақ екенін тілге тиек етті.
Айтулы кеш барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан қажы Пірәліұлы жиналған қала тұрғындарын қасиетті мәуліт мерекесімен құттықттап, бұл мерекенің басты мақсаты – Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарымыздың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады деп қорытындылады.
Жиналған көпшілікке Мәдіхан Тажиев «Мұхаммед адамзаттың ардақтысы» атты термемен жыр шашты. ОҚО Сарыағаш ауданы «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры, дін танушы Абдіғаппар Шәкірұлы Сманов пайғамбарымыз «Мұхаммед (с.а.с) ке деген сағыныш!» тақырыбы жөнінде әсерлі уағыз айтты. Сондай-ақ, дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Нұрғали Әнапиямен Жандос Мырзабек ақындардың айтысының орны ерекше болды.
Мұнымен қатар, Шымкент қаласы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің найб имамы М.Тастанбеков пен қари Б.Қамбаровтар салауат оқыды.
Шардара ауданының бас имамы А. Данияров жастарды тәрбиелеуде бірлесе қызмет етіп жүрген ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, қалалық қоғамдастық төрағасы Қ. Ілесов және мешітке демеушілік жасап жүрген аудандық мәслихат депутаты, №16 колледж директоры З. Талбидинтағы басқа бірнеше азаматтарға алғыс хат табыс етті. Рухани кештің соңы Зікірулла әнімен Бекзат Сәкенұлы аяқтады.
Рухани кеш соңында жиналған қауымға «Мәлика» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 386

IMG 387

IMG 388

IMG 389

IMG 390

IMG 391

IMG 392

IMG 393

IMG 394

IMG 395

IMG 396

IMG 397

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38