Бүгін, Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдерін марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Рухани басқосу шарасына Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов және бірқатар діни конфессия өкілдері қатысты. Игі шара аясында жыл бойы атқаралған нәтижесі жұмыстар сараланып, әкімдіктің ұйымдастыруымен бір айы бойы өткізілген дін өкілдері арасында спорттық шаралары, яғни футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша тартысты бәсекелер өтті. Жарыс нәтижесі бойынша үш спорт түрінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Ақмешіт» командасы бас жүлдегер атанды. Бас жүлге иелеріне Шымкент қаласының Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан рухани келісім күні мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы алғыс хат пен жарыс кубыгін табыс етті. Айта кетсек, игі шара «Аламан» спорт кешеніндегі сайысқа қаладағы діни бірлестіктер мен дін істері басқармасынан жалпы 10 команда қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі