Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық «АБДУЛХАМИД ҚАТТАНИ «мешітінің ұйымдастыруымен «Сені сүйемін Мұхаммед (с.а.у) « атты мәуліт кеші болып өтті . Аталмыш іс – шараға Қаламыздың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы және аудан имамдары ,әжелер мектебі , кеш қонақтары қатысты . Мәуліт мерекесінде Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтылып ,Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді. Жиын соңында жиналған көпшілікке силықтар таратылып , арнайы мәуліт дастарханы жайылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі