يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ وَلَا تَجَسَّسُوا وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًا أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ

      Қадірлі жамағат! Алла тағала Құран кәрім қырық тоғызыншы сүресінің он екінші аятында: «Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сактаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермендер, біреу біреуді ғайбаттамасын. Біреулерін өлген туысының етін жеуді жаксы көре ме? Әрине жек көресіндер. Расында Алла тағала тәубаны қабыл етуші, ерекше мейірімді», делінген түрде Алла тағала біздерге: ой жору, ойша баға беруден сақтаныңдар! Әсіресе, біреуге байланысты көз жеткізбей ойша баға бермендер, Өйткені мұндай күңгірт күмәндардың көбі өтірік болып күнәға батырады. Екінші: біреудің айыбың ашып, кемшілігін құрттай қуалап, мінін жарыққа шығаруға тырыспаңдар. Үшінші: біреуді ғайбаттамандар. «Ғайбат» деп біреудің көзіне айтпай сырттай жамандағанды айтады. Біреудің көзіне айтқанда жекөретін қылығын, сырттан айтып ғайбаттау: өлген туысының етін жегенмен тең. Яғни өліктің етін жеуді қандай жек көріп жиренсендер ғайбаттаудан да сондай жиреніп, жоламаңдар, деген сияқты аса жиркенішті теңеу беріліп, қатаң тыйым салынып отыр. Онымен қатар, Алла тағаладан қорқып, мұндай жаман мінездерден сақтанып, тәубә еткендердің Алла тағала тәубасын қабыл алып, мархамат ететіндігі ескертіледі. Және хазірет Пайғамбар (ғ. с.) бұл жөнінде: «Мұсылманның айыбын қузастырып, ашпаңдар. Өйткені біреу мұсылмандардың айыбын ашса, Алла тағала үй ішінде болса да оның айыбын ашып жасытады». Және бір хадисте: «Ғайбаттаушымен, естуші күнәға ортақ болады» дейді. Және бір хадисте: «Біреу мұсылман туысының айыбын жапса, Алла тағала қиямет күнінде оның айыбын жабады. Ал бір  мұсылман, туысының айыбын ашса, Алла тағала оның айыбын тіпті үй-ішінде болса да ашады» дейді.

  Қадірлі жамағат! Міне, бұл аят, хадистер бойынша, кісі көзі көрмей немесе анықтап тексермей, құлағына шалынғанды бет алды сөйлей бермеуі, әсіресе, біреуге байланысты өсек арқылы баға бермеуі керек. Өйткені бұл сияқты өсектердің барлығы, кейде көбі өтірік болып шығуы, соның салдарынан кісінің көңілі қалуы тіпті ел арасына жік түсіп, береке-бірлікке дақ түсуі ықтимал. Сондықтан ой жота өсектерге еліктеп, күнәқар болудан мейлінше сақ болу шарт. Қорыта айтқанда, әрқандай бір мәселеге баға берерде «Бәсе солай шығар, я, солай болса керек, солай болатынын біліп едім» деген сияқты ойлардың күнә болатындығы және кісінің айыбын ашып, абыройын түсірудің, біреуді ғайбаттаудың өлінің етін жеумен тең екендігін еске алып, мұндай жаман мінездерден міндетті түрде аулақ болуға тиіспіз. Өйткені бұл аят, хадистер бойынша бекітілген, көркем мінезге байланысты Ислам дінінің ережелері болып табылады. Бір хадис шәріпте: «Ғайбат зинадан да зор күнә» делінген. Сахабалар Пайғамбар (ғ. с.)нан «бір туысымызда болған мінді айтсақ та ғайбатқа жата ма?» деп сұрағанда, хазірет

Пайғамбар (ғ. с.): «Егер ол мін онда бар болса, оңашада өзіне айтпай, сырттан айтқандықтан ғайбақта жатады. Ал егер ол мін, онда жоқ болса, оған жала жабылған болып, зор күнә болады. Сондай-ақ одан кешірім сұрамайынша Алла тағала кешпейді. Әрине, егер ол өзіне зұлымдық істеп, қорласа, зияны тисе онда оны шағып елге айтуға болады» деген. Алла тағала біздерді ғайбаттан, өсек-аяннан, ойша баға беруден, біреудің айыбын ашудан мүлде сақтанған сүйікті құлдарынан ете көрсін!

Әмин!

Жумагулов Бейсенбай. Шымкент қаласы, Ал Фараби ауданы, “Бойы Ата” мешіті имам

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38