Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өте адал, аманатқа асқан жауапкершілікпен қарайтын таза жан еді. Мекке тұрғындары оған шәксіз сенетіндері соншалық, сапарға шығатын болса құнды дүниелерін туған-туыс, бала-шағаларына емес, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) аманат етіп сеніп қалдырып отырған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешқашан аманатқа қиянат етпеген. Тіпті, Меккеден Мединеге көшуге мәжбүр болған ауыр кездің өзінде бас сауғалап қашқан жоқ. Өзіне тапсырылған аманаттарды иелеріне табыстау үшін хазіреті Әлиді орнына қалдырады. Осының өзінен-ақ пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қаншалықты адал болғаны көрінеді. Міне, адалдықтың, адамдықтың, тазалықтың үлгісі деп осыны айтыңыз!
Шымкент қаласы орталық мешіті