Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алланың елшісі (с.а.с.) менің денемнен ұстап: «Уа, Абдулла! Дүниеде бір ғаріп, бөтен жандай немесе жолаушыдай бол әрі өзіңді қабір жұртындағылардың қатарынан сана», – деді». Ибн Мәже риуаят еткен.

Ибн Омардан (р.а.) мынадай риуаят жеткен: «Шамға (кешке) жеткеніңде таңға жетемін деп ойлама! Таңға жеткеніңде шамға жетемін деп ойлама! Сау кезіңде ауру кезің үшін, тірі кезіңде өлетін шағың үшін ғибрат ал!».

Хадистен ғибрат

  1. Адам баласы дүние тіршілігінің өткінші мерзім екендігін ұғынып, дүниені артына тастап, өзі оның соңына түспеуі қажет.
  2. Парыз ғибадат өз уақытында орындалуы тиіс.
  3. Өмірді, денсаулықты қайталанбас нығмет екендігін түсініп, олардың қадіріне жете білу керек.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38