Оңтүстік Қазақстан бойынша әйел-қыздар секторы облыстық орталық мешітінде «Дәстүрлі діни білім беруді дамытудағы әйел-қыздар секторының орны» тақырыбында семинар өткізді. ҚМДБ ОҚО бойынша сектор жауаптысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұстазы Абиева Еңіліктің ұйымдастыруымен өткен бұл семинарға қала және аудандардан әйел ұстаздар қатысты. Өзі аталмыш тақырыпта арнайы баяндама жасады. Сонымен қатар Джаликулова Нигора «Тәжірибелі ұстаз ілім кепілі» және Қамаева Жазира «Дін мен дәстүр сабақтасқан әдістемелік құрал» тақырыптарында баяндамалар жасап, жан-жақты талқылады. Жалпы дәстүрлі діни білім беруді дамытудағы әйел-қыздар секторының орны ерекше екенін айта кету керек. Себебі, бүгінгі таңда әйел-қыздар тарапынан дәстүрлі діни құндылықтарды үйренгісі келетіндер кездеседі. Осы тұста сектордың дер кезінде ашылып, атқарып жатқан кызметі орасан зор екендігін байқауға болады.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі