Бүгін, желтоқсан айының 30 күні Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы «Шолаққорған» орталық мешітінде Жұма намазынан соң мәуліт мерекесі аталып өтті.
Арнайы 200 кісіге дастархан жайылып, оған жұма намазына келген зиялы қауым, қариялар мен жалпы жамағат қатысты.
Келген қонақтарға Созақ ауданының Бас имамы Төрехан қажы Әлжан мәуліт атап өту тарихы, мәуліт атап өтудің маңызы жөнінде, Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уа салламның өнегелі өмірі жайында уағыз айтылды,
Мәуліт құтпасын кезекші М. Әбдіқұлов пен бір топ шәкірттер оқыды.
Ұлтымызды имандыққа ұйытып, елімізді игілікке шақырған, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан молдаларға алғыс хат берілді.
«Мәуліт кешіне» келген қариялар, имамдар сөз алып, ата дініміздің жат ағымдардың кесірінен бұзылмауын қадағалауымыз және ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуіміз қажеттігін баса айтты.
Созақ ауданының Бас имамы Төрехан қажы Сейілханұлы Құран оқып, сауабын Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уа саллам және барлық дүниеден өткен мұсылман қауымға бағыштап, мәуліт кешін аяқтады.