Бүгін қасиетті жұма күні  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев және ерікті топ мүшелері қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент қаласының туылған күні мерекесіне орай  ұйымдастырылған шара барысында көпбалалы,  жағдай төмен  және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасы мүшелеріне азық-түлік себеті үлестірілді. Осындай шара қаланың бес орнында ұйымдастырылды.

Осы шара қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла Тағаланың нұры жаусын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38