Бүгін Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент орталық мешітінің мұрындық болуымен «Ихсан ілімі – бірлік пен бекере жолы» атты рухани семинар ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Игі шара аясында арнайы баяндама оқылып, пікір-ұсыныстар айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ, рухани семинарға қатысуышлар жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен ашылған «Мүфтият» рухани танымдық имандылық бұрышын және «Әл-Фараби» өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін шағын музейді тамашалады.
Айта кетсек, ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мереесіне орай жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары сұқбат берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі