Бүгін Қазақстан мұсылманары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен республикалық мешіт және медресе ұстаздарына арналған «Ихсан ілімі – тәрбие көзі» атты рухани-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция аясында Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұстазы, Гүлжан Сыдықованың қаламынан туындаған «Құран жаттап, өміріңді өзгерт» (Құран жаттаудың әдіс-тәсілдері мен кестелері) атты кітаптың танытымы өтті. Кітапқа ҚМДБ Сараптама секторының арнайы оң қорытындысы алынған.
Кітаптың лента қию шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр, найб имамы Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы бас жетекшісі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы, PhD докторы, профессор Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы, Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан Асылханқызы, Нұр-Сұлтан қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы, Педагог-психолог, қазақ-тілі және әдебиеті пәні ұстазы, белгілі педагог Қалбибі Ермуратова, Өскемен қаласы «Әйел-қыздар» секторының және «Зере ана» қоғамдық қорының басшысы Талшын Зарқымқызы т.б. ұстаздар қатысты.
Жалпы, кітап қасиетті Құран Кәрімді үйренуші және жаттауға ниет еткен оқырманға берері мол. Кітап құтты болсын!
Айта кетсек, игі шара ҚМДБ қолдауымен республикалық деңгейде онлайн түрінде көрсетілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі