Бүгін Қазақстан мұсылманары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен республикалық мешіт және медресе ұстаздарына арналған «Ихсан ілімі – тәрбие көзі» атты рухани-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш конференцияға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр, найб имамы Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы бас жетекшісі Ақбөпе Тілегенова, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы, PhD докторы, профессор Шамшат Әділбаева, Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова, Нұр-Сұлтан қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Нұрғалиева, Педагог-психолог, қазақ-тілі және әдебиеті пәні ұстазы, белгілі педагог Қалбибі Ермуратова, Өскемен қаласы «Әйел-қыздар» секторының және «Зере ана» қоғамдық қорының басшысы Талшын Зарқымқызы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Толымбай тегі Зияабак» мештінің ұстазы Жазира Иманалиева, Шымкент қаласы «Айқап» мешітінің ұстазы Мариям Өтембай т.б. ұстаздар қатысып, баяндама оқып, өз өңірлеріндегі атқарылған жұмыстары туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, онлайн және офлайн түрінде ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы Шымкент қаласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айрықша баян етті.
Айта кетсек, игі шара ҚМДБ қолдауымен республикалық деңгейде онлайн түрінде көрсетіліп, конференция соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38