Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мереесіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болымен қалалық Қан орталығында «Бәріміз – біріміз үшін» атты қан тапсыру шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, найб имам әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.
«Шариғат қағидасы бойынша кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Сондықтан, мен де осы шараға мұқтаж бір жанға пайдам тие ме деген ниетпен қатысып, отырмын. Әрі бұл шара пайғамбарымыздың сүннеті болып саналады»,- деді қала бас имамы Б.Нұрматұлы.
Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты. Сондай-ақ, жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары арнайы хабар таратты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі