Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан Жеңістік 76 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» шарасы ұйымдастырылуда.
Мерекелік шара Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында жалғасын табуда. Соның бір көрінісі Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жәміштің ұйытқы болуымен ауданға қарасты бірқатар соғыс ардагерлерінің отбасыға зиярат етіп, мерекемен құттықтады.
Айта кетсек, бұл айтулы шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастамасымен мамыр айның соңына дейін жалғасатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі