ҚМДБ Шымкент қаласы, Абай ауданы. «Шәкірбай қажы» мешітінде Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жағдайы төмен 30 отбасына азық түлік берілді. Ізгілікті жанына серік еткен ел тұрғындарының ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі