ҚМДБ Шымкент қаласы, «Бойыт ата» мешіті Қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен 21 отбасыға әр үйді аралап көліктерімен «Рамазан қоржынын» тарту етті. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі