Құран аяттары қоғамдық мәселелерді шет қалдырмай, адамдарды бір-біріне жәрдемдесіп, қарайласуға шақырады. Бақара сүресінің 271-аятында былай баяндалған: «Егер садақаларды ашық түрде берсеңдер жақсы. Ал, егер оны (бергендеріңді) жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Алла не істеп жатқандарыңнан толық хабардар».

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық жасап, айналасына жылу сыйлауды әрдайым назарда ұстап келеді. Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешов демеуші жандарды қайырымдылық іске үгіттеп, игі іс-шараға мұрындық болды. Әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға азық-түліктей жәрдем беріп, мұқтаж жандардың жүректеріне жылу сыйлады. Бұл игі шара бұдан кейін де жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38