ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі – Рухани тәрбие Ихсан ілімін насихаттау мақсатында Шымкент орталық мешітінде «Ақида ілімі және сопылық тариқаттар» атты аймақтық танымдық рухани семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осы саланың нағыз маманы елімізге белгілі, ғалым-дінтанушы ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі – Алматы қаласы «Төлеби» мешітінің бас имамы Әміре Ерсін Бекайдарұлы арнайы қатысып, мешіт имамдарына дәріс оқыды. Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты дәлелдерімен жауап беріп, Ихсан ілімі мен түрлі сопылық тариқаттардың шығу тарихына тоқталып өтті.
Аталмыш семинарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт имамдары қатысты.
Танымдық рухани семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі
[su_custom_gallery source=»media: 21128,21129,21130,21131,21132,21133,21134,21135,21136,21137,21138,21139,21140,21141,21142,21143,21144,21145,21146,21147,21148,21149,21150″ width=»2400″ height=»1600″]